«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақты бақылауды тиімді ұйымдастыру тәсілі

29.03.2021

Сабақты бақылау – бұл бақылаушылар сыныптағы бір не бірнеше сабаққа қатысып, мұғалімнің оқу тәжірибесі мен оқушының іс-әрекетін жазып алып, осыдан кейін сабақты бақылау нәтижелерін талқылау үшін пән мұғалімімен кездесетін процесс. Сабақты бақылау нәтижелері оқу сапасын бақылау мен оқу бағдарламасының педагог ұсынған материалға сәйкестігін бағалау үшін қолданылады. Сабақты бақылауды талдау мақсаты – сабақ мақсаты мен шыққан нәтиженің арасындағы сәйкестікті анықтау. Мұғалімдер сабақты бақылау процесінен көңілі қалып, оны қауырт деп ойлайтын кездер болады. Сабақты бақылау кезінде мұғалімнің күнделікті тәжірибесін емес, керісінше әсер қалдыру үшін өткізілетін «супер-сабақты» бақылайтын бақылаушыға «жұмыс істейтінін» атап өтеді. Мұндай жағдайда егер мұғалімде оқыту тәжірибесінде қиындықтар болса, онда олар елеусіз қалады. Сонымен бірге осы педагогтің сабағын қайта бақылауға алғанға дейін біраз уақыт өтуі мүмкін. Мұғалімнің көңілінен шықпау, оның мақұлдамауы ең алдымен мектеп мәдениетіне байланысты және ол осы күннің өніміне жатпайды, ең алдымен көп жыл бойы мектеп тәжірибесін басқарудың авторитарлық стилінің жиынтығына жатады.

Білім саласындағы соңғы өзгерістерге байланысты сабақты бақылау процесі ең алдымен педагогтер дағдысын дамыту сұранысына бағдарланған. Содан мектеп басшысы мұғалімдердің мектепте оқыту тәжірибесін жетілдіру бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Сабақты бақылаудың ашық тәсілінсіз мұғалімдерге оқыту тәжірибесін жетілдіруге көмектесу қиынға соғатынын түсіну маңызды.

Просмотров: 697


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст