Текст
Бүгін 14 қараша күні, Онкүндік аясында 11 және 9 сынып арасында сыныптан тыс “Абайды біл - таңырқа” атты викториналық ойындармен сұрақ жауап өткізілді. Аталған іс-шарада оқушылар Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, оның өмірі мен шығармашылығынан тың әрі қызықты ақпараттар алды. Өз білгендерін ортаға салып, білімдерін тағы бір мәрте шыңдады.