09.02.2026
«Адал Азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында «ЕҢБЕГІ АДАЛ – ЖАС ӨРЕН» жобасы шеңберінде 2026 жылғы 26 қаңтар – 6 ақпан аралығында мектепте кәсіптік бағдар беру онкүндігі өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметін қалыптастыру, мамандық таңдауға саналы көзқарасын дамыту және кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету.
Жоспарға сәйкес онкүндік барысында 1–11 сынып оқушыларын қамтыған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сынып сағаттары, зияткерлік ойындар, сауалнамалар, эссе және сурет байқаулары, дебаттар, бейнематериалдар қарау, мамандық иелерімен кездесулер өткізілді. 9–11 сынып оқушылары үшін жоғары оқу орындары мен колледждер туралы онлайн-кездесулер ұйымдастырылып, еңбек нарығындағы заманауи мамандықтар талқыланды.
Онкүндік барысында оқушылардың белсенділігі жоғары болды, мамандықтар әлемі туралы білімдері кеңейіп, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтауға мүмкіндік алды. Кәсіби бағдар беру бойынша оқушыларға жеке кеңестер берілді.
Онкүндік қорытындысында сайыстардың жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары жалпы мектептік жиналыста дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шаралар өз мақсатына жетіп, оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырды. Онкүндіктің барысы туралы ақпарат мектептің @Instagram парақшасында орналастырылды.