«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сондай жылы қысқы кездесу

04.02.2019

2 ақпан күні біздің мектебімізде «10 жылдан кейін» деп аталған дәстүрлі түлектер кездесуі болды. Бұл кездесулер өткен ғасырдың 70-ші жылдары басталған. Ескожина Г.Қ. және Озиева А.А. басқарған шығармашылық топ бұл шараға бірнеше күн дайындалды. Кездесуді дайындап өткізуге жауапкершілікпен қараған 10 сынып оқушыларының да үлесі зор. Шақыру билеттері мен эмблемаларын шығару, сценарий мен концерттік нөмірлерін дайындау, бейнеролик жасау және акт залын ресімдеу... Барлығы  уақтылы және сапалы түрде болды. Кеш түлектерді және олардың сынып жетекшісін салтанатты түрде залға шақырудан басталды. Педагогикалық еңбек ардагері Байконурова А.А. шәкірттеріне денсаулық, бақыт және жаңа жетістіктер тіледі. Өзінің жақсы лебіздерін кешіміздің құрметті қонақтары, педагогикалық еңбек ардагерлері Зимина Л.А., Балыкина Г.М., мұғалімдер Елубаева Ғ.И., Литвиненко И.П., Мищерина Н.Ф. және басқалар білдірді . Ойын және әзіл, ән және би, еркін микрофон, гүлдер және сыйлықтар болды. Ал дәстүрлі сынып сағаты кездесуді түлектеріміздің өз кабинеттерінде жалғастыруға мүмкіншілік берді. Бұл кезең келе алмаған қонақтардан  онлайн-сәлемдерін қабылдаумен жандандырылды. Біздің мектебіміздің ең жігерлі, белсенді, шулы, көңілді және дарынды түлектеріміз. Қаншама жақсы сезімдерге шаңырағымызды толтырды. Осылай, суық қысқы күндердің кезінде сондай жылы кездесу өтті. Барлық қатысушыларға көп рахмет!

Просмотров: 332


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст