«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тарих пен сабақтастық туралы

14.03.2019

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай, біздің мектепте мерейтой күніне арналған тақырыптық кеш өтті. Іс-шара жалпы сапқа тұрумен және Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен басталды. Одан кейін қонақтар: Ауғаныстандағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар Билялов Жамбыл Гизатович және Мукушев Сандыбай Каримкожаевич, жауынгер-интернационалисттың анасы Сара апай Бексеитова, ардагерлер кеңесінің төрағасы Яковец Владимир Арсентьевич,әкім Водовозов Николай Николаевич, аул кітапханасының меңгерушісі Усербаева Қаламкас Нургалиевна. Барлық қонақтар өз сөздерінде біздің ортақ үйімізде бейбітшілікті қалай сақтау керектігін, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, өз Отанын сүю және оның тарихын білу қажеттігін айтты. Қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді және кейінгі жылдары өмірден озған адамдарды, соның ішінде біздің жерлестерімізді - Қазыбай Жүзбайұлы Бексеитов, Александр Николаевич Пинчукты бір минут үнсіздікпен еске алдық.

      11 "А" сынып оқушылары Нагметуллаев Дамир, Жармау Медет автоматты бөлшектеу және жинау бойынша мастер-класс көрсетті, 10 "Б" сынып оқушылары Щукарев Евгений, Яндуткина Карина және 11-сынып оқушысы Жармау Медет қаруды жылдам разрядтау және зарядтау үрдісін көрсетті. "Қазақ күресінен" шеберлік сыныбын аудандық және облыстық жарыстардың жүлдегерлері Али мақсат пен Рамазанова Бекзат көрсетті.  Айта кету керек, Мақсат - Алматы қаласындағы "Қазақ күресі" бойынша республикалық жарыстарға қатысып, 40-тан астам қатысушылардың арасында 4-ші орынға ие болды; Бекзат соңғы облыстық жарыстарда екінші орынға ие болды және де республикалық жарыстарға қатысуға үміткер болып табылады. Кіші топты "Қазақ күресі" бойынша мастер-класқа үшінші сынып оқушылары Қасым Шамиль және Қабдылмәлік азат ұсынды. Кеш бағдарламасында концерттік номерлер болды: Мосорова Арина, Озиева Милана, Абдразақ Әлішер, сегізінші сынып қыздарының вокалдық тобы орындаған патриоттық әндер. Арғын Аружан өлең оқыды. Іс-шараның жүргізушілері Аружан Елеусизова және Сулейм Аушев өз міндеттерін жақсы орындады. Біздің қонақтарымыз 10 "Б" сынып оқушысы Темірбай Қасымжомарт дайындаған "Ыстық нүктелердің бірінде" атты пластилиннен жасаған тарихи реконструкциясын өте жоғары бағалады. Сонымен қатар қонақтар сыйлықтар алды. Бұл үйірме оқушылары орындаған суреттер. 2018 жылғы мектеп түлегі Аушева Лолитаға ерекше алғыс білдіргім келеді. Ол Сара апай үшін ұлының портретін салып сыйлады.

      Көріп отырғанымыздай, Айдабол орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдерінің шығармашылық тобы үлкен дайындық жұмыстарын жүргізді. Шығармашылық әдіс пен ұйымдастырушылық қабілеттерін тағы да топ жетекшілері - АӘД ұйымдастырушы Байкануров Кайрат Иссаевич және аға тәлімгер Озиева Асет Ахметовна көрсетті. Осындай кездесулердің өскелең ұрпақ үшін маңызын асыра бағалау қиын, өйткені олар жастарды патриоттық және интернационалдық тәрбиелеуге елеулі үлес болып табылады. Аға ұрпақтың адамдары шын ниетпен, сезімдерін жасырмай сөйледі. Бұл тірі тарихпен кездесу болды. Бұл ұрпақтардың шынайы сабақтастығы, онсыз шынайы руханилық болмас.

Б. А. Байконурова, Айдабол ОМ директоры

Просмотров: 303


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст