«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ күресінен Ақмола облысының жасөспірімдер арасындағы облыстық іріктеу чемпионаты

19.03.2019

   Қазақ халқының өте ертеден қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Қазақша күрес көшпелі халықтың тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қазақша күрестің басқа халықтардың ұлттық куресімен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Қазақша күрестің аталары болып табылатын – Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді алыптардың жолын жалғайтын талай-талай саңлақтарымыз өсіп келеді.  Қазақ күресі елімізде қарқынды дамуда. Сол секілді, біздің өңірімізде «Айдабол ОМ» кмм-де енді-енді қанат жайып келеді. Өткен айдын 9-10 ақпан 2019 жұлдызында қазақ күресінен Ақмола облысының жасөспірімдер арасындағы облыстық іріктеу  чемпионатында 73 келі салмақ дәрежесінде Әли Мақсат 3 орынды иеленсе және 81келі салмақ дәрежесінде Рамазанов Бекзат 2орынға ие болып, жеңіс жалауын желбіретті. Бұл балуандар бәсекесіне Ақмола облысының барлық түкпір-түкпірінен келген ұлттық спортта асығы алшысынан түсіп жүрген 100ден аса талантты спортшылар қатысты. Айталық, Ақтөбе қаласында өтетін 2002-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына жолдама алды. Наурыз айының 11-15ші 2019ж аралығында өткен Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында «Айдабол ОМ» 9 «а» сынып оқушылары Әли Мақсат және Рамазанов Бекзат бақтарың сынады.   Маңызы зор жарыста жеңіске ұмтылып, өз шеберліктерін паш еткендердің жолы болды. Яғни,  чемпионатта "чемпион" атанамын деп белдескендер шамаластарын шаң қаптырып жеңіс тұғырынан көрінді.Чемпионатқа 15 облыс және қалалардан 700ге жуық спортшылар қатысты, чемпионат тартысты өтті. Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының жалпы командалық есебінде Жамбыл облысы көш бастады Үздік үштікте Ақтөбе қ.Павлодар және Маңғыстау облыстары.

«Айдабол ОМ»Балуандарымызға тек жеңіс, қазақ күресінің туын ұстаушы,төл күресімізді әлемге танытып,төрткүл дүниенің төрт бұрышына насихаттап,дамуына зор үлес қосады деген сенімдеміз.!

МЗБЖСМ-нің жаттықтырушысы; Шекерімов Қ.Т

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст