Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 74 жыл толды. Бірақ Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырады. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке –бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшйн мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні –абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Осы Жеңіс күніне байланысты мектебімізде 9 мамыр күні мерекелік шара болып өтті. Ең алдымен мектептің 9-11 сыныптары соғыс құрбандарын еске алу мақсатында ауыл тұрғындарымен бірге әкімшіліктен бастап мектепке дейін сап түзеп, ән айтып келді. Одан ары мерекелік бағдарлама өз жалғасын тапты. Ауыл әкімі мен құрметті қонақтар құттықтау сөздер сөйледі. Оқушылар соғыс жайлы өлеңдер оқып, ән айтты. Соғыс құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды.