«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жанындағы учаскедегі жұмыс

12.08.2019

Мектеп жанындағы учаске биология, экология бойынша білімді кеңейту және тереңдету үшін ұйымдастырылады: мәдени өсімдіктерді өсіру бойынша білім мен іскерлікті алу; оқушылардың табиғатқа ұқыпты қарау қасиеттерін, еңбекке деген шығармашылық қарым-қатынасын тәрбиелеу. Осы учаскеде 5-8 сынып оқушылары жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы өзіне қажетті жұмысты орындайды.

Мектеп жанындағы учаскедегі жұмыс барысында оқушылардың ұйымдастырушылық және ұжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті және эстетикалық сезімдері тәрбиеленеді. Берілген кестеге сәйкес жұмыс белсенді жалғасуда. Әрбір топ келесі жұмыс түрлерін орындайды:

1.  Гүлбақтарды, көкөністерді суару.

2.  Дәліздерде және кабинеттерде бөлме гүлдерін суару.

3. Картоп өрісін, гүлзарларды, бақша дақылдарын отау.

4. Картоп өрісін түптеу.

5. Мектеп аумағын арамшөптен және қоқыстан тазарту.

6. Бөлмелік гүлдерді күту  (суару, қопсыту).

Барлық іс-шаралар қажеттілігіне және ауа райы жағдайларына қарай  өткізіледі.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст