«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас экологтар мен өлкетанушылар байқауы

14.12.2022

          2022 жылдың 13 желтоқсанында «Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің шағын Отаным» атты жас экологтар мен өлкетанушыларға арналған, сондай-ақ мектеп оқушыларының  жобалық қызметін арттыру мақсатында мектепішілік зияткерлік сайыс өтті. Қазылар алқасы мүшесіне Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру орталығының ҰБТП әдіскері Утебаева Жұлдыз Тұрсынбекқызы мен Дайыров Сәкен Ерболатұлы шақырылды.

      Үш номинация бойынша аталған мектептің 21 оқушысы қатысты: «Зеренді ауданының көрікті жерлері»  – 10 оқушы  8 жоба дайындады; «Зерттеу жобасы» - 11 оқушы 11 жоба дайындады; «Фотокамера обьективіндегі туған жерім» 6 оқушы.

      «Зеренді өңірінің көрікті жерлері» номинациясы бойынша 1 орынды «Көбелек мұражайы» жобасымен 10 Б сынып оқушысы Озиев Руслан, 2 орынды «Бүркіт» жобасымен 9 Б сынып оқушысы Ертаргынов Елнұр иеленді, 3 орын «Айналайын» жобасымен 10 Б сынып оқушысы Касымова Аружан және «Зеренді көлі» жобасымен 10 Б сынып оқушысы Тимурина Яна иеленді.

   «Зерттеу жобасы» номинациясы бойынша 1-орынды «Жергілікті кәсіпорын қалдықтарын қайта өңдеу» жобасымен 9 Б сынып оқушысы Виктория Суворкова,  ғылыми жетекшісі , химия пәнінің мұғалімі Жусупова Райгуль Аяғанқызы; 2 орын Гүлназ Хамзина, 9 Б сынып оқушысы «Сұлулық сарысуы» жобасымен, ғылыми жетекшісі, биология және география пәнінің мұғалімі Мищерина Нина Федеровна; 3 орын – Елубай Айым, 6 Б сынып оқушысы «Оларды уақыт таңдады:  кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 34 жылдығына арналды » жобасымен, ғылыми жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Байконурова Батима Амангельдиновна және Чванина Ксения , 6 Б сынып оқушысы «Ұмытылған қолөнер тарихы «Жүннен киіз басу»» ғылыми жетекшісі көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бехтгольд Марина Алексеевна.

   « Фотокамера обьективіндегі туған жерім» номинациясы (фотобайқау) бойынша  1орынды 10 Б сынып оқушы Даниэла Шляйгер, 4 Б сынып оқушысы Мищерина Виктория, 10 Б сынып оқушысы Озиев Беслан иеленді.

   

Барлық қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру орталығының ҰБТП атынан сертификаттар, байқаудың логотипі бейнеленген сыйлық ретінде қалпақ, футболка, ....төсбелгі берілді. Ал осы сайысқа оқушыларды  дайындаған ғылыми жетекшілер, ұстаздар Б.А.Байконурова, Г.И.Елюбаева, А.А.Достанбекова, М.А. Бехтгольд, Н.Ф.Мищерина, Р.А. Жусупова алғыс хаттармен марапатталып, мектепке микроскоп сыйға тартылды.

 Ұйымдастырылған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ж.Т.Утебаева және С.Е.Дайыров біздің іс-шарамызға қатысқаны үшін, сондай-ақ  Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру орталығының ҰБТП басышысы Л.Т.Толуспаеваға алғыс білдіреміз.

 

      Директордың оқу ісінің меңгерушісі :                      Р.А.Жусупова

Просмотров: 316


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст