«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

11.12.2019

Республикалық бірыңғай «ЖасҚыран» балалар мен жас өспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының есебі 2019-2020 оқу жылы

Елбасымыздың қолдауымен құрылған «Жас Ұлан»  ұйымына қабылдану - әрбір шәкірт  үшін үлкен мәртебе. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жыл сайынғы мерекелік шараға айналды.

Бүгінде«16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне» орай, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11 желтоқсан күні Айдабол орта  мектебінде « Жас Қыран» ұйымына оқушыларды қабылдау рәсімі өткізілді. Жиын барысында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру әрбір өз елінің азаматы парыз деп есептеп, өнегелі қасиеттерді дәріптеу болса, Жас Ұлан ұйымының мүшесі –Отанына адал, еңбекқор, Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші екенін айтып, Жас Ұлан ұйымының Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук және төсбелгілері туралы насихаттап «Жас Қыран» ұйымына 19 оқушы қабылданды. Олар:

1 «А» сыныбы – Бейсен Нияз, Қарабаева Диана, Қалмағамбетов Саян, Марат Амира.

1 «Б» сыныбы- Асылтасов Адильжан,Гренц Кирилл,Дандыбеков Мейрамбек,Кириловский Роман,Кияткина Анастасия,Кожевников Владимир,Кочура Алиса,Кульбаев Асхат,Литвиненко София, Михайлова Милана,Михайлова Снежана,Мищерина Виктория,Покидов Денис,Тищенко Екатерина,Цацко Максим.

«Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес төс белгілерін табыстау рәсімі мектеп бітіруші түлектермен мен ұстаздарға табысталды.

Құттықтау сөз оқу ісінің меңгерушісі Жусупова Райгүл Аягановнағаберілді, өз тарапынан оқушыларға сәттілік тілеп, елінің елеулі азаматы болып шығуларына кәміл сенім білдіріп,мектеп оқушыларын келе жатқан мерекемен құттықтап,жылы лебізін айтты.

Аға тәлімгер: Жанабергенова  М.С.

Просмотров: 446


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст