«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

25.12.2019

Ақмола облысында «Жомарт Жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды 2019 жылдың 24 желтоқсанында Көкшетауда «Жомарт жүрек» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Жомарт жүрек» сыйлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасының аясында жасалған.
Шараны Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған. Іс-шараға аймақтың кәсіпкерлері, аудандар мен қала әкімдіктерінің қызметкерлері, ҮЕҰ, мәдениет, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - тұрғындарды, бизнес құрылымдарының өкілдерін, меценаттар, ҮЕҰ және еріктілерді шағын отанды, туған өлкені дамытуға қатыстыруға, азаматтық белсенділіктің озық тәжірибелерін, қайырымдылық идеяларын кеңінен таратуға және ынталандыруға бағытталған. Аймақтың дамуына белсенді қатысатын, қайырымдылық идеясын алға тартатын, мұқтаждарға көмектесуге дайын азаматтарды барынша марапаттау болып табылады. Қатысқан адамдардың баршасы - белсенді азаматтық, патриотизм мен мейірімділіктің шынайы үлгісі. «Жомарт Жүрек» сыйлығы Степногорск қаласындағы «Степногорск-Энергокомплекс» ЖШС-нің директоры Алтынбек Каршегеновке, «Азиаткотломаш» ЖШС Бурабай ауданындағы филиалының директоры Тимур Нурсаиновқа берілді.
Ерейментау ауданының «Ереймен күрес клубтары» қоғамдық бірлестігінің басшысы Қазбек Букешевке, Есіл ауданындағы «Заречный» ЖШС бас директоры Уәлихан Ариповке, сонымен қатар, Жақсы ауданының «ТНК» ауылшаруашылық компаниясының «Труд» ЖШС басшысы Досхожин Дулатқа, Сандықтау ауданының «Байдалы» ЖШС директоры Бағдат Оразалин және Зеренді ауданы ИП «Жолдыковтың» жеке кәсіпкері Жұмагұл Жолдықовқа табысталған. Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын белсенді іске асырғаны үшін аудан және қала әкімдіктерінің, облыстық басқармаларырың, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесінің қызметкерлеріне облыс әкімінің орынбасары атынан алғыс хаттар табысталды. Сыйлықтың маңыздылығы туралы айта келе, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова «Қоғамдық сананы жаңғырту - қоғамның елдің бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілігінсіз мүмкін емес» екенін атап өтті. Қайырымдылық және қамқорлық - бұл процестің ажырамас бөлігі. Кез келген өркениетті қоғамда кәсіпкерлер өз елдеріне көмектеседі».
«2019 жылы мемлекеттік органдар мен меценаттар үлкен жұмыс жасады. Ақмола облысында 2 800-ден астам іс-шара жүзеге асырылды. «Туған жер» арнайы жобасының аясында облыста жалпы құны 5 млрд.тг. аса 583 әлеуметтік бастама жүзеге асырылды, оның ішінде 68 нысанды (мектептер, балабақшалар, медициналық нысандар, мәдениет объектілері, т.б. және басқа нысандар), 82 нысанның құрылысы (балабақшалар, спорт алаңдары, тұрғын үйлер және т.б.), 433 басқа әлеуметтік бастамалар», - деді өз сөзінде А. Мысырәлімова. Іс-шараға қосымша ретінде – белгілі жазушыларының шығармаларына негізделген аудиокітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті. Жоба Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының және "El Jastar" театрының қолдауымен "Рухани жаңғыру" өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен жүзеге асырылуда С.Жүнісовтің «Ақан сері», Т.Қажыбайдың «Айбозым», С.Мұқановтың «Балуан Шолақ», І.Есенберлиннің «Каһар», М. Ғабдуллина «Эпистолярлық әлемі», Е. Асқаровтың «Арманымның ақ құсы», Ж. Ерғалиев «Ескі арба», Е. Мырзахметовтың «Медет» мен Ш.Уәлихановтың «Өлі мен тірінің арасындағы достық туралы аңыз» сияқты шығармалар жаңа форматта тыңдарманға жол тартты.

Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст