«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзін-өзі тану» пәнінің «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыбындағы онкүндік туралы ақпарат

15.02.2018

   Мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін алғаш рет «Өзін-өзі тану» жобасының авторы – Назарбаева Сара Алпысқызы ұсынды. Аталған бағдарлама оқушылардың тұла бойындағы шығармашылық қабілеттерін толық әрі жан-жақты іске асыруға, жаһандану жағдайында өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін өмірлік және білім беру стратегиясын қоғамдағы ауқымды әлеуметтік маңыздылықты меңгеруге ықпал етеді.

   Бұл білім, дағды және қабілеттер адамдармен келісімге және олармен бір мәмілеге келуге жетелеуге негіз болады, сондай-ақ басқа да тұлғаларға көмек пен қолдау көрсету қабілетіне ие болуға ықпал етеді. Адамгершілік-рухани тәрбие және білім балаларға дүниеге сеніммен шаттана қарау және өз жетістіктеріне сенімді болуға, тәрбие және білім алу процесінде тиімді бейімделуіне көмектеседі.

       Осы орайда 12 ақпан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күнінде мектебімізде оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдарында «Өзін-өзі тану» сабағымен басталды. Ашық сабақтар әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылып, оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған жұмыс түрлерімен қамтылды.Осы күні  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі  Хастарбек А.  9 «А» сыныбында «Әдептен озбайық» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
    Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынас мәдениетіне әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы, этикалық қарым-қатынастарын дамыту арқылы ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу

Сынып оқушылары сабаққа белсене қатысып, өз ойларын ашық айта білді. Оқушылар өздерін еркін ұстап, әртүрлі жұмыстарды жақсы әрі көтеріңкі көңіл-күйде шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Олармен тыныштық сәті, әңгімелесу, сахналау, ассоцияция құру, кішігірім ойын жаттығулары сияқты жұмыс түрлері іске асырылды.

Просмотров: 493


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст