Бірлігін, қаншама ұлттың татулығын,
Айшықтап, Ай-жылдарым жатыр бүгін.
Жебей гөр,Көкте Тәңір,Жерде халқы,
Қазақтың Нұрсұлтандай ақылды ұлын!
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Нұрсұлтан Назарбаев – жүзден аса ұлты бар мемлекетті басқарып, экономикалық тығырықтан да, нарықтың қиындығынан да, ұлтаралық араздықтан да халқымызды аман-сау жетелеп келе жатқан білгір басшымыз.
Бүгінгі таңда Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы басқалардан ерекше, олардан көп биік. Басқару ісіне барынша шыңдалған, мол тәжірибе жинаған қайраткер. Елдің даму бағытын болжай алатын, оны заман үрдісімен сәйкестіре алатын қайраткер. Дарындылығымен көп елдерге танымал болған, Қазақ еліне тілектестерді, дос-жарандарды таба білетін, топтастыра білетін шебер саясаткер. Ел тыныштығын сақтай білетін, ұлт мүддесін жадынан шығармайтын басшы. Қазақстан өзінің үлкен арманына жетті. Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің
елімізді көркеюіне бар күшін салуда. Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет атанды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тілі – қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Көзді ашып-жұмғанша астанамыз – Астана қаласы мінекей, күн сайын сұлуланып көркейе түсуде, мен Қазақстан
Республикасында туып-өстім. Кіндігімді кескен жер де – Қазақстан. Ата-анам мені туған жерімді сүюге, қадірлеуге кішкентай жасымнан үйреткен. Қазақстан мен үшін ең қадірлі жер болып табылады. Мен туған жерімді шын жүректен сүйемін және де мәңгі бақи сүйіп өтемін!
Адам дәуірге сай өседі, заман талабына лайықты қызмет етеді. «Адам тумысынан ерекше болып тумайды,м ол өзін өзі ісімен ерекше етеді», - деген екен ХІV ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ақыны Франческо Петрарка. Біздің Елбасы да осындай ісімен көрінген ерекше жан, кемеңгер адам деп ойлаймын.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайлы елдегі абыздарымыз: «Қазақтың бағына туған перзент» - десе, әлемдік саясат биігінде жүргендер бірауыздан «Қазақстанды 20 жыл ішінде адамзаттың бірде-бір мемлекеті шыға алмаған биікке көтерген Көшбасшы» деп мойындады. Бұл Ұлт қызметіне берілген әділ баға ғана емес, сонымен бірге қазақ ұлтының білімді де қанатты талантты, болашағы зор, жарқын болашақты өз қолдарымен жасай алатын халық еркін іс жүзінде танығандықтың белгісі. Мемлекетіміздің шаңырағын көтергенде Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз күшіне, біліміне, тәжірибесіне, өмірлік ұстанымдарының дұрыстығына ғана сеніп қойған жоқ, сонымен бірге данышпан халқына арқа сүйенген деуге болады.
Тәуелсіздігіміздің буыны кемеліне келе бастады. Жетістігіміз көп. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз жан-жақты дамуда.
«Қазақстан» деп аталатын мемлекеттің шығысы мен батысында, оңтүстігі мен терісіндегі мемлекеттік Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз асқақтап, көгімізде Әнұранымыз қалықтап тұра берсе, біз сөзсіз барша замандарда бай тұрмысқа жетеріміз кәміл.
Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де еркін дәурен сүру сәті туды деп сенемін.