«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

24.11.2017

2017 жылдың 11 қараша күні Айдабол орта мектебінде «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» атты семинар өтті. Аталған семинарға қазақ тілі қазақ сыныптарына және қазақ тілі орыс сыныптарында сабақ беретін мұғалімдер жиналды.

           Семинардың ашылу салтанатын мектеп директоры Б.А.Байконырованың игі тілегімен және мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетуімен басталды.

           Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері екі топқа бөлініп: қазақ тілі қазақ сыныптарында оқытатын мұғалімдері шеберлік дәріс берді. Шеберлік дәріс берген мұғалімдер : Ортақ орта мектебінің мұғалімі: Тышхан Бибігүл, Абай орта мектебінің Шарипхан Бақытнұр, № 1 Зеренді орта мектебінің мұғалімі Рахметов Елубай Егинбекович баяндама оқыды.

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары

 

   «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» тақырыбында 2017 жылдың қараша айының 11 жұлдызында мектебіміздің қабырғасында аудандық семинар өтті.

     Семинардың негізгі мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін таныту, тәжірибе алмасу, инновациялық

әдістерді оқып-үйрену арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. 

   Семинар барысында орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жеке бір топ болып жұмыс жасады. Жұмыс барысында Доломитов ОМ-нің мұғалімі Ғ.М. Касымова «Жаңартылған білім мазмұны жағдайындағы функционалдық сауаттылық» тақырыбында коучинг-сессия өткізді. Сонымен қоса, Малотюкты НМ-нің мұғалімі

Қ.Е. Құрманова «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» және Симферополь ОМ-нің мұғалімі Г.Н. Омарова  «Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде іскерлік ойындардың рөлі» тақырыптар төңірегінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

  Өткізілген семинардың қорытындысы бойынша әр бір ұстаз өзіне қажет нәрсені алып, оқытудың жаңаша қырларымен танысты деп ойлаймыз.

Просмотров: 649


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст