Әскери – патриоттық жұмыстың негізгі мақсаты - оқушыларды патриоттық интернационалдық рухында отан қорғаушылардың қажетті қабілеттерін қалыптастыру арқылы тәрбиелеу, салауатты өмір салттарын дағдыландыру. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар өткізілді. Олардың қатарындағы ең маңыздысы –
«Патриот» айлығы. Біздің мектебімізде бұл шара дәстүрлі түрде 9 Мамыр митингісімен аяқталады. Оқушылар орындаған өлеңдер, үнсіздік кезеңі, гүл шоқтарын қою, аға буынның сөздері - барлығы дәстүрлі және үйреншікті болсада, өте маңызды. 9-11сыныптар оқушылары арнайы киім үлгісін дайындап, Құрмет қарауылына қатысу ережелері бойынша іс-әрекеттерін жасады. Биыл бірінші рет митингіміз Өлмес полкісіне сап түзеуден басталды. Содан кейін (бұл да бірінші рет) «Балдырған» бала бақшасының кішкентәйларына сөз берілді. Осыған қарап, еріксіз толқып,
уақыт және ұрпақтар байланысы туралы, жастарды өткенін және бүгінгі күнін бағалап, болашаққа сескенбей бел бууға, сенімділікпен қарауға өз уақтылы үйретудің қажеттілігі туралы ойланасын. Соғыс ардагерлерінің саны азайып барады, бірақ олардың есімдері адамзат шежіресінде мәңгі қалады. 27 000 000 қаза тапты. Біз осындай зардап шеккен басқа
халықты немесе мемлекетті білмейміз. Соларға арнап үнсіздік минутысын жарияласақ, 38 жыл үндемеуге тура келеді екен. Бейбітшілік өміріміз үшін, ұлы әскери және адами ерлігі үшін қаза тапқан батырларымызға және ардагерлерімізге
шексіз алғысымызды білдірейік!