«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің алғашқы сыныбым»

24.04.2017

      Шәкіртсіз ұстаз-тұл демекші мен алғаш қасиетті ұстаз жолын Айдабол орта мектебінде осы 11- сыныпты аяқтап кеткен шәкірттеріммен осыдан 5 жыл бұрын бастаған едім. Өмір үлкен мектеп болса, ұстаз сол мектептегі білім мен тәрбиені қатар алып шәкірт өмірін шуақ пен шұғылаға апарар адам болмақ. Осындай ұзақта ұлы жолды таңдап шәкірт тәрбиелеп өз Отанымызға білімді ұрпақ тәрбиелегенім үшін әр-кез мақтанамын. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ

мұнын кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» демекші, жалпы менің оқушыларым өмірдің үлкен жолын бастап кетті. Әрбіреуі өздерінің өмірлік мамандықтарын тандап, ата-аналардың, ұстаздардың берген білімдері мен тәрбиелерін ақтауда.   Алтау ала болса,  ауыздағы келеді-төртеу түгел болса, төбедегі келеді деген дана халық. Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады дегендей менім оқушыларым бір-бірімен тату-тәтті, қоғамдық жұмыстарға бірлесіп, белсенді араласып, маған әр-кез өз көмектерін көрсетіп жатады. Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу болса,  педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу  болып табылады. Осындай қиында ұлы қызметті атқарып ұстаз деген ұлы есімге ие барша әріптестеріме  шығармашылық табыс тілеймін. Мен мақаламды өзімнің шәкірттеріме білімнің шыңына шығыңдар, талмаңдар қырандай қалықтаңдар деп шын  жүректен тілеймін.

 

Айдабол орта мектебінің биология және география пәндері

мұғалімі Букенова Гульжанат Куанышбаевна

Просмотров: 778


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст