«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Lesson Studyіс- әрекетті зерттеу жұмысы барысы туралы рефлексивті есеп (1 сабақ)

27.01.2020

Lesson Study іс –әрекетін  зерттеу жұмыстарын жоспарлап,ұйымдастыратын    К.У. ( тарих пәнінің мұғалімі),  Х. Д. ( бастауыш сынып мұғалімі), А.Б. ( бастауыш сынып мұғалімі), З.Д.(қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі),А.А.(математика пәнінің мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша  1 «А» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық.

Lesson Studyтобында жұмыс жасайтын мұғалімдер болып «Сауат ашу пәнінен» сабақтың тақырыптарын анықтадық, сабақтың тақырыптарын анықтап болғаннан кейін бірінші сабақ жоспары құрылды, сабақ жоспарын құру барысында сыни тұрғысынан ойлауға арналған, өмірмен байланысы бар тапсырмаларды қарастыру ұсынысы жасалынды, осы ұсыныстар  ескерілді.Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру. Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.

Просмотров: 494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст