«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстанда Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі

24.09.2020

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы бұйрығымен азаматтық қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі бекітілді.
Кодекс Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілері басшылыққа алуға тиіс қызметтік әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларының жиынтығын ұсынады. Осы Кодекстегі әдеп нормалары мен талаптар бұлжытпай сақталуға тиіс, барлық азаматтық қызметшілер үшін міндетті. Азаматтық қызметші өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде мынадай қағидаттарды сақтауы қажет:
1) бейтараптық;
2) адалдық және объективтілік;
3) әдептілік;
4) кәсіби құзыреттілік;
5) мінсіз мінез-құлық;
6) адалдық;
7) ақпараттың құпиялылығы.
Азаматтық қызметші өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚР Конституциясының, Еңбек кодексінің, ҚР заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін сақтайды. Заңның толық мәтінімен "Әділет" АҚЖ танысуға болады»

Просмотров: 333


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст