«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Буллинг дегеніміз не?

12.04.2021
Буллинг дегеніміз не?
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде  буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай. Бірақ есіңде болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.
Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?
Буллинг әр түрлі мағынаны білдіруі мүмкін. Ол: адамды мазақтау, қорлау, соқтығысу оның ақшасын не басқа заттарын тартып алу, оларды бүлдіру сол жайында өсек тарату оны елемеу немесе жекелету ренжітетін, жаман әзіл айтып, басқа адамдардың алдында ыңғайсыз жағдайға қою
ұрып-соғу, тепкілеу, итеру немесе басқаша зақым келтіру қоқан-лоқы көрсету немесе қорқыту
*Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
*Біреу саған күш көрсетпей, қорлап, қорқытқан да сенің жаныңа батады. Осындай жағдайға тап болған адам түрлі жағдайларды басынан кешіруі мүмкін, атап айтқанда:
*уайымдау
*ұйқының бұзылуы
*тәбеттің болмауы
*өзі жайлы жаман ойлау
*өз-өзіне физикалық зақым келтіру
*өлім туралы ойлау
*сабақ үлгерімдерінің нашарлауы
*ауыру
*“маған ешкім көмектесе алмайды” деп ойлау
*өзін жалғыз сезіну, уайымға берілу не ашулану
*қорқу

 
Просмотров: 638

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст