«Ақмола облысы білім басқармасының  Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Айдабол ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение  «Общеобразовательная школа села Айдабол отдела образования по Зерендинскому району управления  образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желіде

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеренді ауданы әкімдігінің «Айдабол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

21.09.2017

1.    Жалпы ережелер

1.1.Зеренді ауданы әкімдігінің «Айдабол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (одан әрі – мектебі) білім

қызметін жүзеге асыру мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық формасында құрылған, заңды тұлға дәрежесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.

1.2.Мектептің құрылтайшысы Зеренді ауданының әкімдігі болып табылады.

1.3.Мектептің мүлігіне қатысты құқық субъектісінің қызметін жүзеге асыратын орган, сонымен қатар, өкілеттік орган, мектепті басқаратын орган Зеренді ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

1.4.Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

1.5.Толық атауы: Зеренді ауданы әкімдігінің «Айдабол орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

1.6.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: индексі 021202, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Айдабол ауылы, Ленин көшесі, 19а

Просмотров: 459

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст